---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.64.0
alternate:
  - https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/en/useful-features/accessibility.md
  - https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/useful-features/accessibility.md
  - https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/ru/useful-features/accessibility.md
  - https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/tr/useful-features/accessibility.md
  - https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/uz/useful-features/accessibility.md
  - href: https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/useful-features/accessibility.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/llms.txt?revision=r21797870
    rel: describedby
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/llms.txt?revision=r21797870

# Арнайы мүмкіндіктер

Яндекс пайдаланушыларының қамын ойлайды және Браузер мен басқа сервистерді мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлдеқайда қолжетімді етіп жасайды.

Ең жиі пайдаланылатын функциялар:

- [VoiceOver бағдарламасына қолдау көрсету](#VoiceOver)


- [Ақылды камера](#smart-camera)

- [Қаріп өлшемін өзгерту](#font-size)

- [Қараңғы тақырып](#dark-mode)

- [Монодыбыс](#monosound)

- [Контрастылықты арттыру](#contrast)

- [Субтитрлер](#subtitles)

- [Анық тілі](#clear-language)

Браузерде қосымша қолжетімділік функциялары бар:


{% cut "Қосымша функциялар" %}


1. Авторизация және Браузерден шығу.

1. Деректерді басқа құрылғылармен синхрондау.

1. Іздеу сұранымдары, сайттарға өту.

1. Ашық қойындыларды басқару: бұрын ашылған қойындылар тізімін көру, қойындыларды жаңарту, ашуға немесе жабуға болады.

1. Қойындылар топтарын басқару: жаңа топтар құруға, олар бойынша қойындыларды үлестіруге және қойындыларды топтар мен терезелер арасында жылжытуға болады.

1. Тарихты басқару: тарихты көруге, сілтемелерді ашуға, тарихты тазартуға болады.

1. Файлдарды жүктеп алу және олармен жүктеу менеджерінде жұмыс істеу.

1. НАА (нөмірді анықтағыш) және Яндекс Станцияны басқару.

1. Яндекс Браузер баптаулары.

1. Мәтінмәндік мәзір.

1. Сілтемелерді көшіру және басқа қосымшаларға жіберу.

1. Жеке деректерді (құпиясөздерді, банк карталарын) жылдам ашу.

1. Смартфон экранында пайда болатын хабарландыруларды дыбыстау.


{% endcut %}



## VoiceOver бағдарламасына қолдау көрсету {#VoiceOver}

Яндекс Браузер [VoiceOver](https://support.apple.com/en-kz/) экраннан оқу бағдарламасына қолдау көрсетеді. Ол экрандағы нәрселердің барлығын және не болып жатқанын дауыстап айтады. Ал пайдаланушы процесті қимылмен басқарады.

VoiceOver бағдарламасын іске қосу үшін құрылғы баптауларын ашып, **Әмбебап пайдалану мүмкіндігі** бөліміне өтіп, **VoiceOver** опциясын қосыңыз. Болмаса мұны Siri көмекшісінен сұраңыз.













## Ақылды камера {#smart-camera}

Ақылды камера — бұл мобильді Яндекс Браузердегі камера. Ол заттарды анықтап біледі, не көретінін айтып береді және қайдан сатып алуға болатыны туралы кеңес береді. Сондай-ақ мәтінді таниды, жазбаларды аударады және құжаттарды сканерлейді.


{% cut "Ақылды камераны ашу" %}


Ақылды камераны мына тәсілдердің бірімен ашуға болады:

- Яндекс Браузердің Ақылды жолында ![](../_assets/scan1.png) таңбасын басыңыз.


- [VoiceOver](#VoiceOver) бағдарламасын қосып, дауыстық нұсқауларды орындаңыз.


{% endcut %}


Ақылды камера әр түрлі режимдерде істейді. Олардың арасында ауысып отыру үшін экранды оңға немесе солға сырғытыңыз.


{% cut "Режимдер" %}


1. **Іздеу** немесе **Тауарлар** режимдерінде камераны объектіге бағыттаңыз: дауыстық көмекші затты танып, ол туралы айтып береді. Егер ол сатылатын болса, дүкендер мен бағасы туралы ақпарат береді.

1. **Іздеу** немесе **Тауарлар** режимдерінде объектіні суретке түсіріп алыңыз. Суреттің астындағы қойынды бойынша өтіңіз: мұнда зат туралы толық ақпарат беріп, дүкендер мен бағаны (егер тауар болса) көрсетеді, ұқсас заттарды ұсынады және ұқсас заттар бар сайттардың тізімін береді.

1. **Аударма** режимінде камераны шет тілінде жазылған мәтінге бағыттаңыз. Камера мәтінді оқып, аудармасын көрсетеді. **Мәтінді көшіру** және **Яндекс Аудармашы қызметінде ашу** опциялары пайда болуы үшін ![](../_assets/translate.png) батырмасын басыңыз.

1. **Мәтін** режимінде камераны мәтінге бағыттаңыз. Егер ол камераға толық түспесе, дауыс көмекшісі камераны қажетті бағытқа бұруды сұрайды. Ақылды камера мәтінді толық оқып болғаннан кейін дауыс көмекшісі оны дауыстап айтып береді. Сіз оны көшіріп алып, жібере аласыз.


{% endcut %}



## Қаріп өлшемін өзгерту {#font-size}

Шағын қаріпті оқу қиындық туындатса немесе экранды алыстан көрсету қажет болса, қаріп өлшемін үлкейтіңіз, сонда мәтінді оқу жеңілірек болады.

[Мәтін масштабы туралы толығырақ](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/personal-settings/site-appearance.md#scale)


## Қараңғы тақырып {#dark-mode}

Қараңғы тақырыпта қосымшаның фоны күңгірт болады, ал қаріп ашық түсті болады. Кешке немесе түнде күңгірт жарықта қараңғы экран көздің шаршауын азайтады.

[Қараңғы тақырып туралы толығырақ](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/personal-settings/backgrounds.md#theme)


## Монодыбыс {#monosound}

Әдетте дыбыстық жолдың бір бөлігі сол жақ құлаққапқа, ал екіншісі оң жақ құлаққапқа беріледі. Монодыбыс екі дыбыс шығару арнасын біріктіреді және дыбыс екі құлаққапқа бірдей беріледі. Бұл бір құлақ ауырса немесе бір құлаққапты пайдалану қажет болса ыңғайлы болуы мүмкін.


{% cut "Монодыбысты қосу" %}




1. Құрылғының баптауларын ашыңыз.



1. **Әмбебап пайдалану мүмкіндігі** бөліміне өтіп, **Есту қабілеті** бөлімінде **Аудиовизуализация** опциясын таңдаңыз.

1. **Моно-аудио** опциясын қосыңыз.




{% endcut %}



## Контрастылықты арттыру {#contrast}

Контрастылық мәтінді фонмен салыстырғанда әлдеқайда жарқын және айқын етеді. Көру қабілеті нашар немесе жарықтандыру жарық болған кезде пайдалы болуы мүмкін.


{% cut "Контрастылықты арттыру" %}




1. Құрылғының баптауларын ашыңыз.



1. **Әмбебап пайдалану мүмкіндігі** бөліміне өтіп, **Көру қабілеті** бөлімінде **Дисплей және мәтін өлшемі** опциясын таңдаңыз.

1. **Контрастылықты арттыру** опциясын қосыңыз.




{% endcut %}


## Субтитрлер {#subtitles}

Субтитрлер есту қабілеті нашар болғанда ғана емес, видеоны дыбыссыз немесе шулы жерде көрген кезде де пайдалы болады.

[Субтитрлер туралы толығырақ](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/navigation/subtitles.md)



<!--

## Анық тілі {#clear-language}

Анық тілі — бұл ойлау ерекшеліктері немесе ақпаратты қабылдауға қатысты басқа қиындықтары бар адамдарға арналған бейімделген ұлттық тіл. Ол шағын сөздік қоры және жеңілдетілген құрылымдарымен ерекшеленеді. 

Мобильді Яндекс Браузерде парақшаларды анық тіл ережелері бойынша жеңілдету қолжетімді. 

{% note info %}

Функция тек орыс тіліндегі парақшалар үшін жұмыс істейді.

{% endnote %}

### Ол қалай көрсетіледі

![](../_assets/clear-mobile.png){.border-yes}

### Қосу

Браузерде әдепкі түрде анық тіл сөндірулі тұрады. Оны қосу үшін:


1. **![](../_assets/settings-menu-icon.svg)** → **Баптаулар** → **Қолжетімділік** батырмасын басыңыз.
1. **«Мәтінді анық тіл ережелері бойынша жеңілдету» батырмасы** опциясын қосыңыз.



### Мәтінді анық тіл ережелері бойынша жеңілдету


{% list tabs %}

- Бөлек парақшада

  Мәтінді мына тәсілдердің бірімен жеңілдетіңіз:

  * [Ақылды жолда](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/navigation/search.md#smartbox) ![](../_assets/clear.svg) белгішесін басыңыз.
  * [Ақылды жолда](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/navigation/search.md#smartbox) ![](../_assets/menu-tibar.svg) → **Анық тілге** батырмасын басыңыз.

- Бүкіл парақшаларда


  1. **![](../_assets/settings-menu-icon.svg)** → **Баптаулар** → **Қолжетімділік** батырмасын басыңыз.
  1. **Мәтінді анық тіл ережелері бойынша жеңілдету** опциясын қосыңыз.



{% endlist %}

Жеңілдетілген мәтін бастапқы мәтіннен өлшемі бойынша өзгеше болуы мүмкін. Онда қою түспен белгіленген жаңа тақырыптар пайда болуы мүмкін.

{% cut "**Мәтінді анық тіл ережелері бойынша жеңілдету үлгісі**" %}

Бастапқы мәтін: «Кассиопея, Аққу және Орион сияқты солтүстік жарты шар шоқжұлдыздарын жұлдызды аспаннан біршама жеңіл табуға болады».

Жеңілдетілген мәтін:
«Түнгі аспаннан көп жұлдыз көруге болады.
Жұлдыздар топтар құрады.
Мұндай топтар шоқжұлдыз деп аталады.

Аспанның солтүстік бөлігінде үш белгілі шоқжұлдыз бар:
- Кассиопея
- Аққу
- Орион».

{% endcut %}



### Жиі қойылатын сұрақтар

{% cut "**Неліктен кейбір парақшалар анық тіл ережелері бойынша жеңілдетілмейді?**" %}

Анық тіл ережелері бойынша жеңілдету үшін мәтіндер Алиса AI-ға жіберілетін шағын бөліктерге бөлінеді. Тым қысқа мәтіндер (мысалы, сайт мәзіріндегі батырмалар) жеңілдетілмейді. Ол сайттың құрылымы сынып қалмау үшін керек, себебі анық тілде мәтіндер қосымша анықтамалардың кесірінен жиі ұзарып кетеді.

Анық тіл ережелері бойынша мына сайт санаттары жеңілдетілмейді:

* жеңілдеткен кезде құрылымы елеулі түрде өзгеретін парақшалар;
* онлайн мәтін редакторларының парақшалары;
* кейбір чаттар;
* онлайн-құжаттар;
* Браузерде ашылған жергілікті құжаттар.

{% endcut %}

{% cut "**Неліктен мәтінде бір анықтама бірнеше рет қайталана береді?**" %}

Анық тіл ережелері бойынша жеңілдету үшін мәтіндер Алиса AI-ға жіберілетін шағын бөліктерге бөлінеді. Ол маңызды мәндерді жоғалтып алмау үшін қажет. Сондықтан кейбір анықтамалар бірнеше рет қайталанады.

{% endcut %}

{% cut "**Неліктен термин қате анықталған?**" %}

Жасанды интеллект адамды алмастыра алмайды және кейде қателеседі. Жеңілдеткен кезде қателер үлесі ауқымды емес, бірақ кейде бірдеңе дұрыс болмауы мүмкін.

{% endcut %}

{% cut "**Неліктен кейбір аббревиатуралар толық ашылмайды?**" %}

Жасанды интеллект адамды алмастыра алмайды және кейде қателеседі. Жеңілдеткен кезде қателер үлесі ауқымды емес, бірақ кейде бірдеңе дұрыс болмауы мүмкін.

{% endcut %}

{% cut "**Неліктен мәтін бірден аударылмайды және кідірістер болады?**" %}

Алиса AI-ға мәтінді өңдеп, оны жеңілдетілген мәтінге алмастыру үшін уақыт керек. Жеңілдету [аударма](https://yandex.ru/support/browser-mobile-iphone/kk/navigation/translation.md) сияқты істейді және мәтін парақшаны айналдыра бастағанда экранда көріне бастағанда басталады.

{% endcut %}

-->

<!-- Работает только на русском языке на территории России, Беларуси, Украины и Казахстана. -->




<!-- {% include [form](../_includes/reusables/forms-and-buttons/id-form/form.md) %} -->

<!-- source: kk/_includes/black-button-feedback.md -->
<a href="kk/feedback/feedback">
    <span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>




<!-- endsource: kk/_includes/black-button-feedback.md -->





